08.07.2020   Среда

8 (71532) 21538

Северо-Казахстанская Область, Аккайынский район, с.Смирново, ул. 9 Мая, д.67

www.akorda.kz

galaweb bann

galaweb bann

ak.sko

ob-kz

1. Жалпы ережелер

    1.1. «Е-gov үздік пайдаланушысы» байқауы (бұдан әрі – Байқау) Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен өткізіледі (бұдан әрі - Департамент).

2.    Байқау мақсаты
2.1. Байқау электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау  мақсатында ұйымдастырылады.

3. Байқауға қатысу шарттары
3.1. Сайыс Солтүстік Қазақстан облысының 16 және жоғары жастағы тұрғындары арасында өткізіледі.
3.2. Конкурстық комиссия байқаудың бірінші кезең тапсырмаларын орындауға аз уақыт жұмсағандар арасында I, II, III орын иеленген жеңімпаздарды анықтайды.  
3.3. Байқау кезеңдері:
І кезең
Байқау Webex Meet веб-сайтында үміткерлер және байқау комиссиясы мүшелерінің тікелей эфирінде қосылуымен өткізіледі, сайысқа қатысушылармен тапсырмалардың орындалуына баға беріледі.
Бекітілген кестеге сәйкес а.ж. 9 маусымда байқауға қатысушылар бөлек online жиналысқа қатысып, үш тапсырма орындайды:
- электронды-цифрлық қолтаңба алу (бұдан әрі - ЭЦҚ);
- электронды мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу (мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін байқау комиссиясы белгілейді);
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Анықтамаларды үшінші тұлғалармен алу» қызметі арқылы алу (мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін байқау комиссиясы белгілейді).
Әрбір үміткер оған дейін болған байқауға қатысушының жиналыстан шыққанынан кейін бағаланады.
2 кезең
Байқау қорытындысын шығару, оның нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (а.ж. 15 маусымға дейін)


3.4. Тапсырмаларды орындауға жұмсалған уақыт санау талаптары:
- электронды-цифрлық қолтаңба алу үшін уақыт e-gov порталына кіргендіктен ЭЦҚ алғанына дейін;
- ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін уақыт e-gov порталындағы жеке кабинетке кіргендіктен «Сауалға оң нәтиже берілді» деген жағдайға дейін;
- «Анықтамаларды үшінші тұлғалармен алу» қызметі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметін мына сервиске кіргендіктен «Сауал жіберілді» деген жағдайға дейін есептелінеді.
3.5. Байқау тапсырмаларын орындауға ең аз уақыт жұмсаған үміткер жеңімпаз болып анықталады.
3.6. Өтінімдер а.ж. 5 маусымға дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштаға немесе МОИП-тың Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. мекен-жайына «Байқау» белгісімен жіберіледі.  

                       4. Жеңімпаздардың марапатталуы
4.1. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
4.2. Байқау қорытындысы және жеңімпаздары туралы ақпарат БАҚ және Департаменттің ресми сайтында орналастырылады.


 «Е-gov үздік пайдаланушысы» байқауына
қатысу үшін өтінім

Байқауға қатысушының ТАӘ_____________________________________________

Туылған күні  _________________________________________________________

Жұмыс, оқу орны______________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________


Үміткер туралы қысқаша өмірбаян  ______________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________


Байланыс деректері_____________________________________________________
       (WhatsApp бар ұялы телефоны және мекен-жайы, соның ішінде электронды поштасы)

Үміткердің ТАӘ_______________
Күні ________________________
Қолы____________________

Новости

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи