Экономика және қаржы бөліміне 2022 жылы 11 өтініш келіп түсті. Заңды тұлғалардан 3 өтініш (мүлікті беру мәселесі бойынша, Мемлекеттік сатып алу бойынша баға ұсыныстары), жеке тұлғалардан 8 өтініш (жылжымайтын мүлікті ауыртпалықтан алу туралы). Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес белгіленген мерзімде қаралды және қанағаттандырылды.
Тоқсан сайын «Колос» және «Аққайың» бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны, бөлім сайтының мекенжайына жарияланады, бөлімде азаматтардың өтініштерін салу үшін жәшік бар.
Бөлім басшысы және бөлім басшысының орынбасары апта сайын бейсенбі және жұма күндері сағат 9-дан 12-30-ға дейін жеке мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдайды.
Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен барлық өтініштері белгіленген тәртіппен қаралады, қарау сапасына тіркелу және жауап беру мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.