30.11.2020   Дүйсенбі

8 (71532) 21538

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Смирново с., 9 Мая к., 67 ү.

www.akorda.kz

galaweb bann

galaweb bann

ak.sko

Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту туралы» 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 35-1 шешіміне (2020 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5770 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6204378 мың теңге:

салықтық түсімдер – 594294 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 11143 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11500 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5587441 мың теңге;

2) шығындар – 6281569,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 987015,3 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 1002521,3 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 15506 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1064206,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1064206,5 мың теңге:

қарыздар түсімі – 1002521,3 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 15506 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 77191,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы      Аты-жөні

Новости

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи