08.07.2020   Сәрсенбі

8 (71532) 21538

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы, Смирново с., 9 Мая к., 67 ү.

www.akorda.kz

galaweb bann

galaweb bann

ak.sko

Маңызды тақырыптар

Экономика және қаржы бөлімі 2010 жылдың қараша айында құрылған. Бөлімде 8 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істеуде

Қойылған міндеттерді орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылығын іске асыру бойынша бөлімде 2019 жылға арналған Аққайың ауданыәкімдігінің  экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күрес құқықты бұзудаң сақтандыру және ескерту үшін ведомстволық іс шаралар жоспары әзірленді.

Тоқсан сайын «Колос», «Аққайың» бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жөніндегі хабарламалар үшін сенім телефоны, бөлім сайтының мекенжайы жарияланады, азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған.

Бөлім мемлекеттік қызметшілердің Этикалық Кодексінің нормаларын сақтау және азаматтардың өтініштерін қарастыру бойынша ай сайын есептері уақытылы тапсырады.

Бөлім басшысыжәне бөлім басшысының орынбасарымен  апта сайын 9-00-ден 12-30-ге дейін бейсембі, жұма сайын жеке мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдау жүргізіледі.

2018 жылдың ішінде заңды тұлғалардан 37, жеке тұлғалардан 16 өтініш тіркелді (пайдаланбайтын қызметтік үйлерді жалға беру мәселелері бойынша) соның ішінде жеке қабылдау 2 өтініш.Барлық өтініштер уақытында және толық қанағаттандырылды.

Бөлімнің ресми сайты әрекет етуде, онда бөлімнің қызметі туралы толық анықтама алуға болады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерімен аппараттық жұмыс, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексін сақтау мәселелері туралы, мемлекеттік қызметтен өту туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен белгіленген нормаларды сақтау жүргізілуде.

Тоқсан сайын атқарушы органдардың бухгалтер қызметкерлеріне оқу өткізіледі.

Аудан дамуының қорытындылары тоқсан сайын Аққайың ауданы әкімінің және бөлімнің ресми сайтында жарияланады.

Бөлімнің құрылғанынан бастап мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бұзушылығына байланысты лауазымды тұлғалардың әрекетіне азаматтар мен заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

Экономика және қаржы

бөлімі басшысы                        Е. Галыгина

 

Новости

Малый бизнес, создание бизнеса, бизнес идеи